Назад

Еуразиялық Топ Арыста зардап шеккендерге 400 млн теңге бөлді

03.07.2019

Еуразиялық Топ (ERG) Түркістан облысының Арыс қаласында зардап шеккендерге 400 млн теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетеді.

Еуразиялық Топ басшылығы компания бюджетінен жоғарыда аталған соманы бөліп, апаттан зардап шеккендерге қолдау көрсетуді ұйғарды. 

Арыс қаласындағы жарылыстар мен ондағы төтенше жағдай ERG-дің барлық қызметкерлерінің де жанына батты. Кеншілер, металлургтер мен энергетиктер, көлік тасымалы саласында күнделікті еңбек етіп жүрген мыңдаған еңбек ұжымы осы бір сын сағатта қиын жағдайда қалған тұрғындарға барынша жанашыр, тілеулес.

Бұдан бөлек, Еуразиялық Топ құрамындағы «3-Энергоорталық» кәсіпорны қызметкерлері жергілікті жерде нақты көмек көрсетіп жатыр. ERG қызметкерлері бағытталған бұл қаражат пен жұмсалған күш қираған нысандарды қалпына келтіріп, зардап шеккендерге осындай қиын сәтте демеу боларына кәміл сенімді.