Назад

ERG, ARC ADVISORY GROUP пен ONER MIND ERG кәсіпорындарына технологиялық аудит жүргізбек

01.07.2019

Компания тәуелсіз технологиялық консалтинг саласындағы әріптестікті дамытуға мүделілік туралы келісімге қол қойды. Ол өндірістің тиімділігін арттырып, Еуразиялық Топ (ERG) кәсіпорындарында барынша жоғары экономикалық тиімділікке қол жеткізуді көздейді. 

Келісім аясында ARC Advisory Group компаниясы Oner Mind-пен бірлесіп, Еуразиялық Топ кәсіпорындарында тәуелсіз технологиялық және бизнес аудит өткізіп, технологиялық процестерді оңтайландыруға қатысты қолданбалы жоспар әзірлеп шықпақ.

– Қазіргі таңда Еуразиялық Топ өз бизнесіне ауқымды сандық трансформация жүргізіп жатыр. ERG кәсіпорындарының индустрия түрі мен өндіріс көлемінде өзара ерекшеліктері бар. Сол себепті, ондағы өндірістік процестерді барынша тиімді басқару үшін бізге әлемдік деңгейдегі тәуелсіз сараптама қажет,- деді Еуразиялық Топтың IT жөніндегі бас атқарушы директоры Ғалымжан Ахметов.   

– Компанияның іргесі қаланған сонау 1986 жылдан бері ARC Advisory Group түрлі индустриядағы өндірістік технологиялар мен өнеркәсіптік автоматтандыру жүйелеріне ерекше басымдық беріп, теңдессіз білім базасын жинақтады. Өз кезегінде бұл жаппай сандық трансформациясы жүріп жатқан 4.0 Индустриясының қарқынды даму тұжырымдамасы тұсында біздің танымал әлемдік көшбасшы болуымызға сеп болды,- деп атап өтті ARC Advisory Group-тің Еуропа, Таяу Шығыс пен Африка елдеріндегі Бас директоры Уве Грюндманн.

– Көптеген консалтингтік компаниялар өнеркәсіптік автоматтандыру саласында ақпараттық технологияларға терең талдау мен сараптамасыз басымдық беріп жатады. Алайда, ол – индустриялды кәсіпорындардың жүйке жүйесі іспетті. Oner Mind-тің инженерлері мен сарапшылары индустрия саласында қолданбалы тәжірибе жинақтаған. ARC Advisory Group-пен бірлесе отырып, күрделі өндірістік тапсырмаларды шешудің тиімді жолдарын табуға септеседі,- деді Oner Mind-тің Қазақстан, Орталық Азия мен Кавказ бойынша басқарушы серіктесі Ильяс Амирханов.

ARC Advisory Group тұтынушылары арасында Fortune 500 тізіміндегі корпорациялар көп. ARC Advisory Group түрлі индустриялардағы (тау-кен металлургиялық, мұнай өндіру, мұнайхимия, энергетика, машинажасау мен т.б.) технологиялық зерттеулер мен консалтинг саласындағы әлемдік көшбасшылардың бірі.