Назад

ERG мен SAP 4.0 Индустриясы қағидалары негізінде Еуразиялық Топ компанияларындағы цифрлық трансформацияның екінші кезеңі жайлы мәлімдеді

01.07.2019

«SAP Қазақстан» ЖСҚ мен Еуразиялық Топ (ERG) арасында ниет шартына қол қойылды. Тараптар интеллектуалды кәсіпорын құру саласындағы ынтымақтастықты жалғастырмақ. Жаңа жоба SAP инновациялық технологиялары негізінде техникалық қамтамасыз етуді және өндірістік құрал-жабдық сенімділігін басқаруға бағытталады. ERG бұл тектес жобаны қолға алған ТМД-дағы алғашқы компаниялардың бірі болмақ. Меморандумға «Business and Technology Services» ЖШС (ERG құрамындаі) бас директоры Андрей Антоников пен SAP Қазақстан басқарушы директоры Евгений Теремов қол қойды. 

ERG  – табиғи ресурстарды өндіру және өңдеу саласындағы  әртараптандырылған компания, оның құрамына республиканың ең ірі тау-кен металлургия кәсіпорындары кіреді. Компаниялар тобы алғашқылардың бірі болып Қазақстанда цифрлық трансформация жобасын қолға алды. SAP ERP-ді енгізу  мен оны өндірістік процестерді басқару жүйелерімен интеграциялау бірыңғай ақпараттық кеңістікті құруға мүмкіндік берді. Бұл өз кезегінде барлық бизнес процестерді бақылау мен қадағалауға, сонымен қатар жаңа активтерді тез арада қосуға септігін тигізді.

SAP негізінде қызмет көрсету стратегиясы мен құрал-жабдық өнімділігін басқарудың жаңа жүйесін енгізу нақты уақыт режимінде барлық кәсіпорындардағы қызмет көрсету мен жөндеуді басқаруға, көпдеңгейлі сараптама негізінде ресурстарды нақты жоспарлауға және тиімді үлестіруге, жөндеу мен сатып алу шығындарын оңтайландыруға мүмкіндік береді. Индустрия 4.0 қағидаларына негізделген мұндай әдіс бизнес тиімділігін арттыруға және ERG компаниялар тобының әлемдік және жергілікті нарықтағы көшбасшылығын нығайтуға жағдай жасайды.

«Цифрлық трансформация компаниялар алдында жаңа мақсаттар қояды, ал заманауи технологиялар сол мақсаттарға жету ішін бірегей мүмкіндіктер туғызады. SAP-пен ынтымақтасқан  ERG компаниясы бәсекелестік әлеуетін күшейтіп, 4.0 Индустрия қағидаларының негізінде активтерді басқарудың үздік салалық тәжірибелерін қалыптастырады. Нарықтың жаңа талаптары мен барлық қолданушылардың қажеттіліктерін ескерсек, бұның барлығы энергетика саласының дамуы үшін аса маңызды», – деді Еуразиялық Топтың басқарма төрағасы Серік Шахажанов. 

«Интеллектуалды кәсіпорын құрудағы жүйелік әдіс пен инновацияларға деген оң көзқарас SAP пен ERG компанияларын бір арнаға тоғыстырады. Меморандумда бекітілген бұл бағытты ары қарай дамытудың бірлескен стратегиясы ТМД мен басқа да мемлекеттерде тау-кен металлургия салаларын үздік тәжірибелер мен тиімді технологиялар негізінде кеңкөлемді цифрлық трансформациядан өткізуге бағытталған», – деді SAP Қазақстан басқарушы директоры Евгений Теремов.