Назад

Павлодар өңіріндегі ERG қызметкерлерінің әлеуметтік бастамалары қаржыландырылатын болды

28.06.2019

Еуразиялық Топ (ERG) кәсіпорындарының қызметкерлері «ERG қаласы» әлеуметтік жобалар байқауының финалдық кезеңіне қатысты. Металлургтер, энергетиктер мен көлік саласы мамандары ұсынған үздік жобалар 2020 жылы Павлодар облысының әкімдігі мен арада жасалатын әріптестік туралы Меморандум аясында компания тарапынан қаржыландырылмақ. Байқау нәтижесінде психоневрологиялық науқасқа шалдыққан адамдарды әлеуметтік бейімдеумен айланысатын «Альрами» клуб үйін қолдап, Ақсуда қоғамдық әжетханалар, Екібастұз қаласына дені сау балалар мен қатар ерекше қажеттілігі бар бүлдіршіндер бірге ойнай алатын балалар ауласы орнатылатын болды.

Байқаудың қазылар алқасы құрамына Павлодар облысы әкімінің орынбасары Әлия Арынова, Ақсу мен Екібастұз қалалары әкімдерінің орынбасарлары, Павлодардың білім беру басқармасы мен Еуразиялық Топ өкілдері шақырылған. Олардың назарына жалпы саны 10 бастама ұсынылды. Жоба авторлары «Қазақстан алюминийі» АҚ, «ТрансКом» ЖШС, «Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы» АҚ мен «Қазхром» ТҰК» АҚ Ақсу ферроқорытпа зауытының қызметкрелері.  Ақсу ферроқорытпа зауытының өкілдері бірден 6 жоба ұсынған. Әр қайсысы әр саланы мен әртүрлі қажеттілігі бар қоғамның түрлі топтарын қамтиды. 

– Біз әлеуметтік маңызы бар бұл істі одан әрі жалғастырып, «туған» қалаларымызды жетілдіре түсеміз. Кейін келе, ол «ERG қаласы» атанып, өзгелерге үлгі болады, - деді Еуразиялық Топ басқарма төрағасының персонал және әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Инна Губарева. – Бұл қала тұрғындарға жайлы болуы керек. Өйткені, біз бұған барынша жағдай жасауға талпынамыз. Біздің қызметкерлер ұсынған барлық идеялар тегіс өзекті. Олар өздерінің күнделікті жұмысы мен күйбең тіршілігіне қарамай, ауқымды жұмыс атқарды. Енді біз оны назардан тыс қалдырмай, жүзеге асыру үшін әлі жетілдіре түсетін боламыз.

Жобалар арасынан үздігін анықтау қиынға түсті. «Қазақстан алюминийі» АҚ қызметкерлері психоневрологиялық науқасқа шалдыққан адамдар қаралатын «Альрами» клубтық үйі жұмысымен жақын танысқан. Мекеменің қазіргі жағдайын таныстырған Павлодар алюминий зауытының өкілдері, «егер Сізге ондағы орындыққа отыруды ұсынса, отыра алмас едіңіз» деп кесіп айтты. Осылайша, ұйымның материалдық жағдайын бір ауыз сөзбен сипаттап берген. Сол себепті «ERG қаласы» байқауының лимиті аясындағы 10 млн теңге осы мекемеге орындықтар мен ноутбуктер, проектор сатып алуға бағытталатын болды.

– Клуб үйі жеке секторда орналасқан ықшам үй, – деді команда капитаны Сәкен Рахымсейітов. – Мұнда тонау, бүлдіріп, қиратып кету деректері жиі тіркеледі. Сондықтан онда жеткізілген заттарды күзетуге де тура келеді. Сондықтан біздің жобамыз кешенді күзет жүйесін де қамтып отыр.

Алматыдағы «ТрансКом» ЖШС-нің вагондарды жөндеумен айналысатын бір құрылымы – «БЕРЕКЕ 2004» Екібастұз қаласында орналасқан. Оның да қызметкерлері ерекше қажеттілігі бар адамдарға жағдай жасауды ұсынды. Мәселен, Алматыда мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған бірнеше арнайы алаң бар. Алайда, олар өкінішке орай бос тұр. Сондықтан, көлік саласы мамандары ерекше балғындар мен дені сау балалар бірге ойнай алатын – инклюзивті балалар алаңдарын құруды ұсынды. Ол үшін бар болғаны алаңдарды қауіпсіз элементтермен жабдықтау қажет екен.

– Біз Алматы қаласында бұл жобаны Меморандум аясында жүзеге асыра алмайтынымызды түсінеміз,- деп сөз бастады команда өкілі Мира Сейітқазина. – Алайда, оны Екібастұзда жүзеге асыра аламыз. Ол үшін алдымен статистикалық мәліметтерді зерделеп, осындай ерекше қажеттілігі бар балалар шоғырланған аудандарды анықтауымыз керек. Сосын алаңдарды осы балалардың қажеттіліктеріне сәйкес етіп жобалаймыз.

Ақсу ферроқорытпа зауытының қызметкерлері бүкіл қала тұрғындарын алаңдатқан сауал – қоғамдық әжетханалардың жоқтығын айтты. Қалада мұндай нысандар атымен жоқ. Сәйкесінше, ыңғайсыздықтар туындайды.

– Біз алдымен Ақсу қаласының әкіміне хабарластық. Ол біздің жобаны мақұлдап, қолдады, - деді команда капитаны Алена Оразова. – Сәулет және қала құрылысы бөлімдері, ТҮКШ мен құрылыс басқармаларымен келіссөздер жүргіздік. Өз ойымызды айтып, қаладағы ең ірі екі нысан – қалалық саябақ пен жағажайдың қай тұстарына қоғамдық әжетханалар орнатқан жөн екеніне қатысты пікір алмастық. Осы модульдерді орнатуға болатын жерлерді бірге анықтап, оған қажетті коммуникацияларды тарту мүмкіндігі болуын да қарастырдық.

Ақсу металлургтері қоғамдық әжетхананы толық жабдықталған метал модуль ретінде жасап, тек қажет болған жерге жеткізіп, орнатуға ғана қалатындай етпек.

Жоғарыда аталған 3 жоба да Еуразиялық Топ пен Пвалодар облысының әкімдігі арасында жасалатын 2020 жылы әлеуметтік маңызды жобаларды жүзеге асырудағы өзара әріптестік туралы Меморандум аясында қаржыландырылмақ. Ақсу ферроқорытпа зауытынан түскен «Қауіпсіз мектеп бағдары», «ЕЭК» АҚ қызметкерлері көтерген «Тірек жабдығы бар люктер» бастамасы мен осы екі кәсіпорын мамандары бірлесе ұсынған «Қауіпсіз жүргінші өткелі» сынды 3 жоба одан ары пысықталатын болды. Командалар осы идеяларын одан ары жетілдіріп, күзде өтетін ERG Инноваторлар форумына қайта ұсына алады.