Назад

OPSIS экологиялық мониторинг станциясы шығарындылардың шеткі рұқсат етілген шоғыр мөлшерінен аспағанын көрсетті

26.06.2019

Еуразиялық Топ (ERG) құрамындағы «Қазақстан алюминийі» АҚ Павлодар алюминий зауытының санитарлық қорғау аймағы шекарасындағы Зеленстрой кенті маңында оратылған ауа атмосферасына мониторинг жасайтын станция жұмысының алғашқы нәтижелерін жария етті.

Павлодар алюминий зауытының санитарлық қорғау аймағы шекарасында ауа атмосферасындағы ластаушы заттардың шоғыры нормадан айтарлықтай төмен. OPSIS экологиялық мониторинг станциясының жұмысы мұны анық көрсетті. Ауадағы газдардың 6 түрінің мөлшерін автоматты түрде айқындап, экологиялық жағдайға мониторинг жүргізетін станциясы осыдан жарты жыл бұрын орнатылған болатын. Қазіргі таңда ол жергілікті метеожағдайларға әбден үйреніскен.

– Жабдық тестілік тәртіпте жұмыс істеп тұрғанда, біз экологиялық мониторинг тәулігіне 24 сағат, аптасына 7 күн тоқтаусыз жүріп жатқанына көз жеткізіп отыруды міндет еттік. Мемлекеттік экологиялық сараптаманың түйіндемесіне сәйкес, кәсіпорынға бекітілген ластаушы заттардың шеткі мөлшерлері бойынша өлшемдер алынды. Оның үстіне станция көмірсутегі мөлшерін де айқын көрсетіп тұрады. Әрі метеорологиялық параметрлер де тіркеді,- деді «Қазақстан алюминийі» АҚ қоршаған ортаны қорғау департаментінің бастығы Ринат Сырлыбаев. – Бар мәлімет Швециядағы OPSIS компаниясының серверіне онлайн режимінде жолданады. Яғни біз бұл процеске қатыспаймыз.

Бұл мәліметтерді Павлолдар алюминий зауытының мамандары да онлайн режимінде алып, ондағы параметрлер өзгерген жағдайда шұғыл әрекет етулеріне болады. 

– Экологиялық мониторинг станциясы іске қосылғаннан бері кәсіпорынға 3 мәрте қолайсыз метеорологиялық жағдай тутарлы хабарлама жолданды. Тіпті жел қала жақтан соққанда да, өлшем алынды. Алайда, шығарындылардың шеткі рұқсат етілген шоғыр мөлшерінен асқан емес,- деді Ринат Сырлыбаев.  пағанын көрсетті   

Қазіргі таңда Павлодар алюминий зауытының мамандары осы мәліметтер мен өлшемдердің көрсеткішін қоғам назарына барынша жариялы етудің амалдарын қарастырып жатыр. 

Жаңа станция ауаға табысты мониторинг жасауға қажетті заманауи техника талаптарына сай жабдықталған. Ол 2018 жылдың ақпанында «Қазақстан алюминийі» АҚ мен Павлодар облысы әкімдігінің арасында жасалған қоршаған ортаны қорғау мәселелеріндегі өзара әріптестік туралы Меморандум аясында орнатылды.

«Қазақстан алюминийі» АҚ-ның қоршаған ортаны қорғау шаралары бұл станциямен шектелмейді. Павлодлар алюминий зауытындағы күйежентектеу цехында сүзгілерді ауыстыруға дайындық басталды. Бұл бастама Еуразиялық Топтың ауа атмосферасына шығарындыларды азайтуға бағытталған жаңа Стратегиясы аясында қолға алынған. Ол ERG кәсіпорындарындағы қатты заттар шығарындыларын айтарлықтай азайтып, Еуропа Одағы елдерінде қабылданған ауа сапасын стандарттарының сақталуына сеп болмақ. Стратегияны жүзеге асыруға Топ 200 млн еуродан астам қаражат жұмсауды көздеп отыр. Газ тазартудың озық технологияларын енгізу шығарындылары құрамындағы қатты заттарды ұстап қалуға әрі кәсіпорындардың жалпы энерготиімділігін арттыруға да сеп болады.