Назад

«Қазақстан Алюминийі» АҚ кеншілері әктастың 95 миллионыншы тоннасын өндірді

06.06.2019

Кеншілер кезекті жетістікті Еуразиялық Топтың 25-жылдығына арнап отыр.  

Маңызды өндірістік оқиға тәжірибелі машинистер Ғалы Құрманғалиев, Балтабай Усаналиев және машинистің көмекшісі Қабиболла Дүйсеновтың басшылығымен №4-ші ЭКГ-5А экскаватор экипажы ауысымы кезінде болды.

- Әктастың 95 миллионыншы тоннасын өндіру – бұл кеншілердің Павлодар өңірінің тау-кен саласын дамытуға қосқан орасан зор үлесі, - дейді «Қазақстан Алюминийі» АҚ филиалы -  «Керегетас» әктас кенішінің директоры Руслан Кудаймберлин. – Керегетас әктас кенішінің еңбеккерлері алға қойылған өндірістік міндеттерді жоғары деңгейде орындай отырып, өз тұтынушыларын шикізатпен тұрақты түрде қамтамасыз етіп келді.  2019 жылдың мамыр айында кеніштегі дайын өнімді тиеу учаскесіндегі №5 галерияны қайта жөндеу жұмыстары аяқталды. Өндіріс өнімділігін арттыруда кәсіпорында инвестбағдарлама негізінде жүзеге асырылып жатқан, қолданыстағы құрал-жабдықтар паркін жаңартудың да маңызы зор.

Биылғы жылдың басынан бері кеніште 45 тоннаға дейін жүк көтеруге қауқарлы «БелАЗ-75473» маркалы екі карьерлік самосвал көлігі қолданысқа берілді. 2024 жылға дейінгі ұзақ мерзімді бағдарлама негізінде тағы осындай төрт ауыр жүк көлігін сатып алу жоспарланып отыр. Бұл автомобильдер – тау-кен өндірісінде ерекше сұранысқа ие.

«Керегетас» әктас кеніші 1966 жылы іске қосылды. Өнімнің негізгі бөлігі Павлодар алюминий зауытына жөнелтіледі. Кеніш тұтынушыларының қатарында – Еуразиялық Топ құрамындағы «Қазхром» ТҰК АҚ, Павлодар облысындағы өзге де кәсіпорындар бар.  Кен орны Қазақстан аумағында болашағы зор деп танылады. «Керегетас» кенішінің өндірістік қуаттылығы – жылына 2 млн тонна әктас өндіру.