Назад

Қазақстанда алғаш рет шағын қалаға белгілі мүсіншінің арт-нысаны орнатылды

03.06.2019

Ақсудың орталық алаңында маусымның 1-і күні ауқымды мереке ұйымдастырылды. Ол «Жас отау» арт-нысанының салтанатты ашылуынан басталды. Бұл Еуразиялық Топтың 25 жылдық мерейтойына орай, қалаға жасаған тартуы.

Әңгіменің әлқиссасы «Қазхром» ТҰК» АҚ Ақсу ферроқорытпа зауытының қызметкері Анна Назарованың Еуразиялық Топ басшылығына Ақсу қаласында тұрғындар кездесер сүйікті орын, кейін қасында естелік суретке түсер көрікті нысан орнатып беру туралы ұсынысынан бастау алған. Идея кеңінен талқыланып, арт-нысанның сызбаларына байқау жарияланды. Оған алғашында ERG-дің Павлодар облысында орналасқан кәсіпорындарының қызметкерлері, кейін Ақсу қаласының тұрғындары да қатысқан. Қазылар алқасының құрамына әлемге әйлігі мексика-америкалық суретші-шебер Дэвид Мадеро мен қазақстандық мүсінші Эдуард Казарян шақырылды. Отандық мүсінші қызметкерлер жолдаған сан алуан сызбадан шабыт алып, олардың ортақ образдарын «Жас отау» атты арт-нысанмен бейнелеп шықты. Мүсіндерді жасауға да Еуразиялық Топ құрамындағы «Қазақстан алюминийі» АҚ денекерлеушілері Владимир Оленбург пен Әділғазы Әбдіровтер бір адамдай ат салысты.

– «Жас отау» мүсіні келер күнге ұмтылыс, ертеңгі күнге кәміл сенімді бейнелеп тұр, - деді Эдуард Казарян. – Менің мүсінімнің металлургтер мен энергетиктер қаласына орнатылғанына ерекше қуанып тұрмын. Мұнда жастар көп. Осы орайда, Еуразиялық Топтың шағын қалалардағы адамдардың рухани және мәдени дамуына инвестиция құйып, оларға осындай қамқорлық танытқаны қуантты.

Арт-нысанның ашылу салтанатына мүсінші Дэвид Мадеро да арнайы келген. Қазақстанға Еуразиялық Топтың шақыртуымен келген темірден түйін түйіп, металға жан бітіретін шебер компания кәсіпорындарында еңбек етіп жүрген дәнекерлеушілерге 3 күндік шеберлік сабағын беріп, білгенімен бөлісті. Оған Павлодар облысы ғана емес, Ақтөбе, Рудный, Қарағанды мен Шымкент қалаларында еңбек етіп жүрген шеберлер де қатысты. Қайталанбас туындыларының көркемдігі мен образдардың терең мағынасы Мадероны әлдеқашан әлемде танымал еткен. Осы орайда, бұл тренингтерге сатып алған жабдықтарды да ERG қатысушыларға табыстағанын айта кеткен абзал.

– Қазақстанда 25 жыл бойы қызмет кетіп келе жатқан Еуразиялық Топ басты ереже – компанияда жұмыс істейтін адамдар және олардың отбасы, ERG үшін «туған қала» саналатын өңірлердің тұрғындарына әрдайым жанашыр болуға талпынып келеді, – деді ERG директорлары кеңесінің төрағасы Александр Машкевич. – Біз әр нақты адамға даму мүмкіндігін, денсаулығын түзеу, спортпен шұғылданып, еліміздің спорттық өміріне белсене араласуына мүмкіндік туғызуға тырысамыз. Ақсудағы бұл шара да сол ұмтылысты ойдағыдай жүзеге асырғанымыздың бірі көрінісі.

Мерекелік шараларға қаланың жүздеген тұрғыны мен қонақтары қатысты. Арт-нысанның ресми ашылуынан соң, саябақта ERG-дің жазғы денсаулық фестивалі, «Большие гонки» отбасылық сайысы, балалар мен ересектерге арналған түрлі шеберлік сабақтары өтті. Көше театрының әртістері тұрғындарды таң-тамаша етіп, аниматорлар балалардың көңілін аулады. Саябақ күні бойы әсем әуенмен тербелді.

Кешке сахнада мерекенің арнайы қонағы  Black Star -  Nazima өнер көрсетті.