Назад

kostanaytany.kz 28.05.19 – "Өсім порталы: ERG жас мамандары"

29.05.2019

Рудныйда осындай атаумен үш күнге созылған атты ауқымды шара өз мәресіне жетті. Оған "ССКӨБ" АҚ, "Қазақстан алюминийі" АҚ Краснооктябрь боксит кен басқармасы мен 3-Энергиялық орталық компанияларының 170-тен астам қызметкері қатысып, білікті тренерлердің көмегімен дизайн ойлау қабілеттерін ашты.

Алдымен жастар 16 командаға бөлініп, күнделікті жұмыста кездесетін 8 мәселені айқындады. Олар: тапсырыс берген жабдықтардың кешігіп келуі, жұмысқа барып-келуге кететін уақыттың ұзақтығы, мансаптағы өсімнің қиындығы, жеке қорғаныс құралдарының ыңғайсыздығы және тағы басқалары. Кейін өздері белгілеген осы мәселелер бойынша шешімдерді іздестіріп, жобаларын қорғады. "Өсім порталының" қорытындысы бойынша ең үздік 4 жоба ERG Директорлар кеңесінің төрағасы Александр Машкевичке ұсынылып, нақты қолдауын тапты.

- Мен бүгінгі кездесуден зор әсер алдым. Сіздер сияқты жас мамандармен табыстарға жететімізге сенімдімін. 

дереккөзі: