Eurasian Resources Group

Eurasian Resources Group (ERG) – табиғи ресурстарды өндіру мен өңдеу, энергетика, логистика және маркетинг салаларында толық біріктірілген, әлемдегі ең ірі әртараптандырылған компаниялардың бірі болып табылады. Төрт құрлықта орналасқан 15 елде Еуразиялық Топтың кәсіпорындары өз саласы бойынша ең ірі жұмыс берушілердің бірі саналады. 2019 жылы Eurasian Resources Group Қазақстандағы бизнесінің 25 және Люксембургте орналасқан Басқарушы компанияның бас кеңсесінің 5 жылдығын атап өтпек.

 

Бүгінде ERG жоғарыкөміртекті феррохром құрамындағы хром үлесі бойынша Еуразия кеңістігіндегі көшбасшы әрі темір кенін жеткізуші ірі компанияға айналды. Қазақстандағы жоғары маркалы алюминий өндіретін жалғыз кәсіпорын Топ құрамында. сондай-ақ, мыс пен кобальт жеткізуші ірі компаниялар қатарында.

 

ERG – Қазақстанның тау-кен, металлургия саласының үштен бірін құрайды. Сонымен қатар, ERG – Орталық Азиядағы электр қуатын негізгі жеткізушілердің бірі және ірі темір жол операторы. Қазақстанда Еуразиялық Топ пен еліміз үшін аса маңызды кәсіпорындар орналасқан. Олар: Қазхром ТҰК, Соколов-Сарыбай кен-байыту өндірістік бірлестігі (ССКӨБ), Қазақстан Алюминийі, Қазақстан электролиз зауыты (ҚЭЗ), Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы (ЕЭК), «Шұбаркөл Көмір», «3-Энергоорталық» АҚ және «ТрансКом» Көлік тобы мен ERG Service.

 

Конго Демократиялық Республикасында ERG – Boss Mining, Frontier және Comide кәсіпорындарында мыс және кобальт кенін өндіріп, өңдейді. Аталған елде сондай-ақ, Metalkol Roan Tailings Reclamation (RTR) секілді аяқталуға жақын бірнеше жоба жүзеге асырылуда.

 

ERG-дің мыс балқыту зауыты Chambishi Metals PLC – Замбиядағы жетекші кәсіпорын және әлемдегі мыс өндіретін ірі өндіріс орны. Оның үстіне кәсіпорын өнімдері: мыс пен кобальт Лондон металдар биржасында сатылады.

 

Бразилияда ERG жылдық қуаты 20 млн тонна темір кенін өндіруге мүмкіндік беретін Pedra de Ferro жобасын іске асыруды жалғастыруда. Онда өндіру мен логистикалық кешен толық кіріктірілген.

 

ERG – Бүкіләлемдік экономикалық форум тұғырманамысында құрылған аккумуляторлы батареялар секторына арналған жаһандық альянстың құрылтайшы-серіктесі. Альянс қарқынды дамып келе жатқан электромобильдер мен гаджеттер секторына арналған құн құраудың жауапты әрі инклюзивті тізбегін құрып, дамыту мен оған орнықты даму тәжірибелерін әзірлеуді көздейді.

Chambishi Metals PLC, ERG Мыс өндіру металлургиялық комбинаты Замбиядағы ең ірі кәсіпорын және әлемдегі жетекші өндіруші болып табылады.
ERG, Бразилияда орналасқан, 18 млн. тонна қуаты «Pedra de Ferro» темір кенін өндіру кешені жобасын дамытуды жалғастыруда.
 

Компанияның бірқатар көмір, марганец, боксит, платина және флюорит кен орнын өңдеу жобалары Оңтүстік Африка, Зимбабве, Мали және Мозамбикті қамтиды.

Топ құрылтайшылары, Директорлар Кеңесі:

д-р Александр Машкевич - ERG S.а.r.l. Директорлар кеңесінің төрағасы.

Алиджан Ибрагимов м-а - ERG S.a.r.l. Директорлар кеңесінің мүшесі.

Патох Шодиев м-а - ERG S.a.r.l. Директорлар кеңесінің мүшесі.

Компанияның 40% үлесіне ие болатын Директорлар кеңесінің мүшелері, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Өкілдері:

Бақыт Сұлтанов м-а - Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі

Бейбіт Атамқұлов м-а - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі